eSIM (embedded SIM) — бұл:

• қалыпты SIM-картаға қарағанда жадының қомақты көлемі;

• бір құрылғыда бірнеше нөмір (тіпті түрлі операторлардың);

• eSIM немесе nano-SIM ішінен біреуін ғана іске қосу мүмкіндігі;

• SIM-картаның физикалық модулін пайдалану қажеттігінің болмауы.


eSIM технологиясын қолдайтын құрылғылардың модельдері:

iPhone XS, iPhone XS Max, iPhone XR, iPhone 11, iPhone 11 Pro, iPhone 11 Pro Max, iPhone SE NEW 2020

Samsung Galaxy Fold, Samsung Galaxy S20, Samsung Galaxy S20+, Samsung Galaxy S20 Ultra, Samsung Galaxy Z Flip

Kcell\activ желісінде eSIM ауыстыру табысты болмаған Apple құрылғылары бар (мысалы, ҚР сыртында сатып алынған).


eSIM қалай пайдалануға болады?

QR-кодты Kcell/activ дүкеніндерінде алынады

Болашақта eSIM ауыстыруды/қосуды өзіне өзі қызмет көрсету жүйелері арқылы жүргізуге болады


Білген маңызды:

• QR-кодты пластикалық тасығышта беріледі;

• eSIM-ге ауыстыру құны – 1000 теңге

Қалыпты SIM-картаны eSIM-ге ауыстырып, нөмірді қосу амалы:

• құрылғыға eSIM салуға болатынына көз жеткізу;

• Kcell операторынан бірегей QR-код алу;

• интернет-желіге қосылыстың болуына көз жеткізу (Wi-FI болған жөн);

• телефон реттеулерінен төмендегіні таңдау: Реттеулер — Ұялы байланыс— Ұялы байланыс тарифін қосу;

• QR-кодты сканерлеу.


Қоңырау шалуға арналған нөмірді орнатуға болады.

iPhone үшін: Реттеулер— Ұялы байланыс— Үнсіз келісім бойынша нөмір.


Қоңырау алдында қоңырау шалатын нөмірді оның үстінен басу арқылы өзгертуге болады, бұл үшін шақырушы белгісін басып, нөмірлердің бірін таңдау қажет.


Мобильді интернет үшін қай нөмірдің пайдаланылатынын орнатуға болады. Реттеулер — Ұялы байланыс — Мобильді деректер.

Қалыпты SIM-картаны eSIM-ге ауыстырып, нөмірді қосу амалы:

• құрылғыға eSIM салуға болатынына көз жеткізу;

• Kcell операторынан бірегей QR-код алу;

• интернет-желіге қосылыстың болуына көз жеткізу (Wi-FI болған жөн);

• телефон реттеулерінен төмендегіні таңдау: Параметрлер — Қосылымдар — SIM картасының реттеушісі - Ұялы байланыс тарифін қосу – QR-код арқылы қосу;

• QR-кодты сканерлеу.


Қоңырау шалуға, хабарлама жолдауға, мобильді интернетке шығуға қай нөмірдің пайдаланылатынын орнатуға болады.

Параметрлер — Қосылымдар — SIM картасының реттеушісі – Қоңыраулар/Мәтінді хабарламалар/Ұялы деректер.

 

 
Абоненттік нөмірді eSIM-мен іске қосқан кезде құрылғыда екінші IMEI-код2 (eSIM үшін құрылғы өндірушісі арнайы ұсынған) пайдаланылады, осыған байланысты eSIM-дегі абоненттік нөмірді екінші IMEI-код2-мен тіркеудің қалыпты процедурасын орындау қажет. Құрылғыны тіркеу үшін 6006 нөміріне келесідей sms-хабарлама жіберу керек: егер сіз ҚР азаматы болсаңыз - сіздің ЖСН (тек 12 сан), егер сіз ҚР азаматы болмасаңыз - төлқұжатыңыздың деректері мен аты-жөніңіз (бос орын арқылы келесідей ретте: төлқұжат№_ тегі_ аты_әкесінің аты). IMEI-кодты eSIM-ді абоненттік нөмірі бар құрылғыдан *#06# қоңырау шалу пернесін басу арқылы білуге болады.