Жиі қойылатын сұрақтар

 

Тарифтік жоспар

Менде қандай тариф тұр?

Сіз өзіңізде қандай тариф тұрғанын телефоныңыздан *166*2#OK и USSD пәрменін теру арқылы біле аласыз. Жауабына Сізге тариф атауы мен сипаттамасы бар SMS жолданады.

Өз тарифтік жоспарыңызды дәл қазір білу үшін Менің Kcell өтіңіз.

Нөмірдегі тарифтік жоспарды қалай өзгертуге болады?

Сіз өз тарифтік жоспарыңызды кез келген уақытта ауыстыра аласыз.

Егер нөмір жеке тұлға атына ресімделген болса, тарифтік жоспарды төмендегідей ретте өзгертуге болады:

  • өз бетіңізше USSD *166#ph пәрменін теру арқылы (ары қарай мәзір ішінде «жауап беру» және «жолдау» функциялары арқылы жылжи отырып, Сіз өзіңізде қандай тарифтік жоспардың тұрғандығын, басқа тарифтік жоспарлар бойынша ақпаратпен танысып, тарифтік жоспарыңызды өзгерте аласыз)
  • жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесі тіркелген өтінішті Kcell кеңсесіне әкеліп беру немесе 8 (727) 258 89 14 факсіне немесе e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz жолдай аласыз. Өтінішті осы нөмір иегері ұсынуы тиіс.

Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелсе, өтінішті басшының қолымен (мөрмен) куәландырылған ұйым бланкісінде ұсынылған, тарифтік жоспары өзгертілетін нөмір мен таңдалған тарифтік жоспар көрсетілген хат түрінде ұсыну қажет.

Тарифті қанша рет ауыстыруға болады?

Сіз тарифтік жоспарыңызды кез келген уақытта ауыстыра аласыз. Алайда оны айына бір реттен артық ауыстырмағаныңыз жөн. Айына бір рет абоненттік төлем алынатын тарифтік жоспарға міндетті түрде айдың тек 1-нен бастап қана ауысқаныңыз жөн.

Нөмір иегерді ауыстыру

Нөмірді басқа тұлғаға пайдалануға берген кезде оны қайта тіркеу қажет пе?

Ұялы байланыс қызметтерін көрсету туралы жалпыға ортақ келісімшартқа сәйкес Абоненттік нөмірді қайта сатқанда/бергенде абонент келісімшартты міндетті түрде жаңа Абонент атына қайта ресімдейді. Егер Сіз бұрын басқа бір адамның пайдалануындағы нөмірді сатып алатын болсаңыз, оны өз атыңызға аудармаған жағдайда Сіз деректерді салыстыруды талап ететін ұялы байланыс қызметтерінің көбісін (мысалы, Kcell Center детализациясын алу, SIM-карта ауыстыру, қызмет көрсетудің несиелік шарттары және басқа да нөмір иесінің өтініші негізінде көрсетілетін қызметтер) пайдалана алмайтыныңыз есіңізде болсын.

Қайта ресімдеу барысында жеке тұлғалар үшін нөмірдің ескі және жаңа иегерлері келулері тиіс және заңды тұлғалар үшін сәйкесінше ресімделген жазбаша сұранымдар ұсынылады.

Осы тақырыптағы басқа сұрақтар туралы толығырақ біліңіз.

Нөмірді қай жерде қайта тіркеуге болады?

Нөмірлер Kcell кеңселерінде қайта тіркеледі

Нөмірді қалай қайта тіркеуге болады?

Жеке тұлғадан заңды тұлғаға:

  • Нөмірдің ағымдағы иегеріне (жеке тұлға) Kcell кеңсесіне жеке куәлікпен немесе төлқұжатпен өзі хабарласып, нөмірді қайта тіркеуге өтініш ұсынуы қажет. Егер ол өзі келе алмаса, оның атынан келетін адамға нотариалды түрде расталған сенімхат ұсыну қажет. Егер ол өзі келе алмайтын бола, оның атынан келетін адам атына сенімхат ұсыну қажет.
  • Заңды тұлға атынан фирмалық бланкте ұсынылған ұйымның телефон нөмірін өз атына ресімдеуге қарсы еместігі көрсетілген мөр басылған және өкілетті тұлға қолы қойылған хат ұсыну қажет.
  • Қайта ресімдеу барысында жаңа тіркеу парағы толтырылып, оған өкілетті тұлға қол қойып, ұйым мөрін басады. Тіркеу парағына қол қою ұйымның Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

Жеке тұлғадан жеке тұлғаға:

  • Екі жеке тұлға да жеке куәліктерінің немесе төлқұжаттарының түпнұсқаларымен Kcell кеңсесіне өздері келулері керек.
  • Жаңа иегер қосымша СТН, ЖСН көрсету қажет болатын тіркеу парағын толтыру керек. Тіркеу парағына қол қою абоненттің Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетіндігін білдіреді. Егер нөмір иегері өзі келе алмайтын болса, хабарласқан тұлғаға телефон иегерінің басқа адамға телефон нөмірін (нөмірдің көрсетілуі тиіс) қайта ресімдеуді сеніп тапсыратыны көрсетілген нотариалды тұрғыдан расталған сенімхат алып келу қажет.

Заңды тұлғадан заңды тұлғаға:

  • Бірінші ұйымнан осы ұйымның абоненттік нөмірді өз атына тіркеуге қарсы еместігі көрсетілген, басшы қолы мен ұйым мөрі басылған фирмалық бланкіге жазылған өтініш ұсыну қажет.
  • Нөмірді өз атына тіркегісі келетін ұйым атынан — осы ұйымның нөмірді өз атына қайта ресімдеуге келісетіні көрсетілген, басшы қолы мен ұйым мөрі басылған фирмалық бланкіге жазылған қарсы өтініш ұсыну қажет. Нөмірді қайта тіркеу барысында жаңа иегер тіркеу парағын толтырып, оған бірінші басшы қол қойып, ұйым мөрін басады. Тіркеу парағына қол қою ұйымның Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетіндігін білдіреді.

Заңды тұлғадан жеке тұлғаға:

  • Ұйымға осы ұйымның нөмірді жеке тұлға атына (нөмірдің жаңа иегерінің аты-жөнін көрсете отырып) тіркеуге қарсы еместігі көрсетілген, басшы қолы мен ұйым мөрі қойылған фирмалық бланкіге жазылған өтініш ұсыну қажет.
  • Жеке тұлғаға тіркеу процедурасын аяқтау үшін Kcell кеңсесіне қажет құжаттар топтамасымен (жеке куәлік/ төлқұжат түпнұсқасы, ЖСН және СТН) жолығу қажет. Нөмір қайта тіркелген уақытта жаңа тіркеу парағы толтырылып, оған қол қою абоненттің Жалпыға ортақ келісімшарт талаптарымен келісетінін білдіреді.

Қайта ресімдеуге өтінішті факс немесе e-mail арқылы жолдауға бола ма?

Факс немесе e-mail арқылы жолданған қайта ресімдеуге өтініштер қаралмайды.

Егер иегерлер әр түрлі қалада болса немесе екеуі бірдей бір уақытта келе алмаса?

Егер нөмірдің екі иесі де (ағымдағы және жаңа) кеңсеге бірге келе алмайтын болса, нөмірдің ағымдағы иегері өзінің жеке куәлігінің/төлқұжатының көшірмесімен бірге нөмірді қайта тіркеуге өтініш қалдырып кете алады. Содан кейін нөмірдің жаңа иесі тіркеу процедурасын аяқтау үшін Kcell кеңсесіне жолыға алады.

Нөмірді басқа тұлға атына ресімдеуге бола ма?

Егер нөмір иегері нөмірді қайта ресімдеу үшін Kcell кеңсесіне келе алмаса, ол нөмірді үшінші тұлға арқылы қайта ресімдеу үшін оған нөмірді көрсете отырып, нөмірді басқа тұлға атына қайта тіркеу процедурасын жүргізуге нотариалды түрде куәландырылған сенімхат бере алады.

Нөмірді жүргізуші куәлігі бойынша ресімдеуге бола ма?

Нөмірді қайта ресімдеу жеке тұлғалар үшін тек жеке басын растайтын құжаттардың (жеке куәлік немесе төлқұжат) түпнұсқаларының және заңды тұлғалар үшін ұйым бланкісіне жазылған өкілетті тұлға қолы мен осы ұйым мөрі қойылған хат түпнұсқасы ұсынылған жағдайдында ғана жүргізіледі.

Нөмірді кәмелет жасқа толмаған тұлға атына ресімдеуге бола ма?

Нөмірді кәмелет жасқа толмаған тұлға атына тек ата-анасының бірінің рұқсатымен ғана ресімдеуге болады.

Нөмір иегері қайтыс болған жағдайда нөмірді қалай қайта ресімдеуге болады?

Абоненттік нөмір иегері қайтыс болған жағдайда бұл нөмірді өлім туралы анықтама түпнұсқасын, SIM-картаны және өз құжаттарының (жеке куәлік, СТН және ЖСН) түпнұсқаларын ұсынған тұлға атына тіркеуге болады.

Нөмірді бұғаттау

Kcell нөмірін қалай бұғаттауға/бұғаттан шығаруға болады?

Егер Сіз телефоныңызды жоғалтып алсаңыз Сізге бірден Анықтама қызметіне хабарласып, нөміріңізді уақытша бұғаттаған жөн.

Бұғаттауды оператор тіркеу мәліметтерін салыстырып, тексергеннен кейін немесе нөмірде орнатылған жағдайда бұғаттау/бұғаттан шығару паролі бойынша жүргізеді.

Ұялы байланыс қызметтерін көрсетуге жалпыға ортақ келісімшарт талаптарына сәйкес Абонент Оператордың SIM-карта жоғалғаны немесе ұрланғаны туралы хабарлама алғанына дейін көрсетілген қызметтерін толық төлейді. Бұғаттаудан кейін сіз өзіңізге жақын орналасқан Kcell кеңсесіне жолығып, SIM-картаңызды қалпына келтіре аласыз.

Нөмірді бұғаттау/бұғаттан шығару паролін қалай орнатуға болады?

Сіз нөміріңізді бұғаттауға немесе бұғаттан шығаруға арнайы пароль орната аласыз. Осы парольді орнатқаннан кейін Сіз тәулік бойғы Анықтама қызметіне хабарласып, кез келген уақытта парольді атау арқылы телефоныңызды өшіре/ қоса аласыз. Пароль иегер өтініші бойынша орнатылады.

Жеке тұлғалар үшін өтінішке жеке куәлік немесе төлқұжат көшірмесін тіркеу қажет.

Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелсе, өтінішті басшының қолымен (мөрмен) куәландырылған ұйым бланкісінде ұсынылған хат түрінде ұсыну қажет.

Өтінішті 8 (727) 258 89 14 факсіне, сканерден өткізілген көшірмесін — e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz немесе түпнұсқасын Kcell кеңсесіне әкеліп беру қажет.

Нөмірді белгілі бір уақытқа қалай бұғаттауға болады?

Егер Сіз нөміріңізді белгілі бір уақыт бойы пайдаланбайтын болсаңыз, Сіз белгілі бір мерзімге нөміріңізге қызмет көрсетуді уақытша тоқтата немесе бұғаттай аласыз. Бұл үшін өтініште бұғаттау себебіне қоса бұғаттау күні мен бұғаттың аяқталу күнін көрсету қажет. Өтінішті осы нөмір иегері ұсынуы қажет.

Жеке тұлғалар үшін өтінішке нөмір иесінің жеке куәлігінің немесе төлқұжатының көшірмесін тіркеу қажет. Егер нөмір заңды тұлға атына тіркелсе, өтінішті басшының қолымен (мөрмен) куәландырылған ұйым бланкісінде ұсынылған хат түрінде ұсыну қажет.

Өтінішті 8 (727) 258 89 14 факсіне, сканерден өткізілген көшірмесін — e-mail арқылы: ccmail@kcell.kz немесе түпнұсқасын Kcell кеңсесіне әкеліп беру қажет.

SIM-картаны қалпына келтіру

«SIM-картаны қалпына келтіру» қызметіне жатады:

  • абоненттік нөмірдің сақталуымен ағымдағы сим картаны сим картаның басқа түріне қалпына келтіру (micro, nano);
  • SIM-карта жоғалған, бұғатталған жағдайда сим картаны қалпына келтіру«.

Құны

Қарапайым SIM-картаны қалпына келтірген жағдайда «SIM-картаны қалпына келтіру» қызметінің құны — 200 теңге.

«SIM-картаны ауыстыру» қызметі бұрынғы шарттарда — жаңа SIM-картаның ақауы болған жағдайда «SIM-картаны ауыстыру» қызметі тегін көрсетіледі.

Қолдану

«Нөмірді қалпына келтіру» немесе «SIM-картаны ауыстыру» қызметін алу үшін Сізге Кселл орталықтарына немесе компанияның ресми дилерлерінің кеңселеріне хабарласу қажет . Егер нөмір сіздің атыңызға жеке тұлға ретінде рәсімделген болса, жеке басты куәландыратын құжат болуы тиіс (жеке бас куәлігі немесе төлқұжат). Егер нөмір заңды тұлғаға рәсімделген болса, фирмалық бланкте рәсімделген, ұйым басшысының қолтаңбасы бар және ресми мөрмен бекітілген өтініш болуы тиіс.

«SIM-картаны қалпына келтіру» қызметі немесе «SIM-картаны ауыстыру» қызметі тек қана абоненттік нөмірдің заңды иесіне немесе онымен құыреттелген тұлғаға ұсынылады.

SIM-картаны қалай қалпына келтіруге болады?

SIM-картаны қалпына келтіру үшін бізбен хабарласып SIM-картаны қалпына келтіру қызметін пайдалану қажет. Солай бола тұра телефон нөмірі, тарифтік жоспар, сондай-ақ қызмет көрсету шарттары бұрынғыдай болып қалады, бірақ бұрынғы SIM-картадағы байланыс мәліметтері қалпына келтірілмейді.

SIM-картаны қалпына келтіру үшін нөмір иегері өзі келуі тиіс және ол өзімен бірге жеке куәлігінің, төлқұжатының немесе жүргізуші куәлігінің түпнұсқасын алып келуі қажет. Заңды тұлғалар үшін басшы қолымен және ұйым мөрімен бекітілген фирмалық бланкіге жазылған, ұйымның жаңа SIM-картаны алуды кімге табыстайтыны көрсетілген өтініш түпнұсқасын ұсыну қажет.

Нөмірдің тұрақты пайдаланушысы SIM-картаны қалпына келтірe алады ма?

Егер Сіз нөмір иегері болсаңыз (нөмір Сіздің атыңызға тіркелген болса), онда SIM-картаны қалпына келтіру мүмкіндігі осы нөмір иегерінің өтініші бойынша тек оператор сұраған деректердің (мысалы, шығыс қоңыраулар туралы ақпарат, PIN/PUK кодтары, жүргізілген төлем т.б. туралы ақпарат) расталғанынан кейін ғана жүргізіледі.

SIM-картаны қалпына келтіріп, алып кету үшін менің орныма басқа адам келе ала ма?

Қалпына келтірілген SIM-карта нөмірдің иегері болып табылмайтын тұлғаға осы нөмір иегерінің атынан ұсынылған нотариспен куәландырылған сенімхат пен осы сенімхатта көрсетілген алушының жеке куәлігінің немесе төлқұжатының болған жағдайда ғана беріледі.

Төлем және теңгерім

Мен теңгерімімді қалай бақылай аламын?

Кез келген уақытта Сіз төмендегі пәрмендер арқылы өз теңгеріміңіз туралы автоматты ақпаратты ала аласыз:

  • телефоныңыздағы Kcell/activ® INFO мәзірі арқылы (тегін)
  • *123*3*1#OK (тегін)
  • *100#OK (тегін)
  • 100 нөміріне «bal» деген мәтіні бар SMS жолдау (тегін)
  • 100 нөміріне қоңырау шалу (құны сұхбат минутына 26 теңге 54 тиын)

Теңгерімде ақша жоқ, бірақ дереу қоңырау шалу қажет

Егер теңгерімдегі қаржыңыз таусылса, Сіз әрдайым абоненттен өзіңізге қоңырау шалуды сұрауға мүмкіндік беретін «Маған қоңырау шал» қызметін пайдалана аласыз. Ол үшін телефоныңыздан келесі пәрменді теріңіз: *130* өтініш жолданатын Kcell немесе activ® абонентінің нөмірі #OK.

Сіз сондай-ақ абоненттен шотыңызды толтыруды сұрау үшін Мен үшін төле қызметін пайдалана аласыз. Ол үшін телефоныңыздан келесі пәрменді теріңіз: *131* өтініш жолданатын Kcell немесе activ® абонентінің нөмірі #.

Мен қоңырау шалу үшін Компаниядан белгілі бір соманы қарызға сұрай аламын ба?

Егер теңгерімдегі қаржыңыз таусылса, Сіз әрдайым Экстра баланс тегін қызметін пайдалана аласыз — 3 (үш) күнге 200 теңге аралыңындағы сома көлемінде қарыз алып, байланыста қала беріңіз.

«Экстра баланс» жүктелген сәттен бастап 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде Сізге теңгерімді берілген «экстра баланс» сомасына тең немесе одан асатын сомаға толтыру қажет. 3 (үш) күнтізбелік күн өткеннен кейін жұмсалған сома шотыңыздан алынып, жұмсалмағаны — жойылады. Қарыз бекітілген мерзімде өтелмесе, нөмірдегі шығыс байланыс бұғатталады.

Сіз «Экстра баланс» қызметін шектеусіз рет пайдалана аласыз. Жалғыз шарт — Сізге алдында алынған «экстра балансты» өтеу қажет.

Неліктен мен «экстра баланс» ала алмаймын?

Егер Сіз «экстра баланс» ала алмасаңыз, Сізге төмендегілерді орындау қажет:

нөміріңіз Экстра баланс қызметін көрсету шарттарына сәйкес келетінін тексеріңіз,

USSD пәрмені дұрыс терілгенін тексеріңіз: *911#OK.

Егер нөміріңіз шарттарға толық жауап беріп, бірақ «экстра баланс» алу мүмкін болмаса, дәл қазір Online консультантқа сұрақ қойыңыз.

«Есеп айырысудың несиелік әдісі» деген не?

Несиелік әдіс — компания бір айда абоненте ұялы байланыс қызметтерін қарызға (белігілі бір несиелік шекке дейін) ұсынып, содан кейін көрсетілген қызметтерге шот ұсынады, оны абонент келесі айдың 27-не дейін төлеуі қажет.

Егер Сіз есеп айырысудың несиелік әдісіне қатысты қосымша ақпарат алғыңыз келсе, дәл қазір Online консультантқа сұрақ қойыңыз.

Шот детализациясы

Детализация — бұл белгілі бір мерзімде алынған қызметтер туралы толық мәлімет. Яғни детализацияда Сізге қандай нөмірлерден және қашан қоңырау шалынғандығын, қандай нөмірлерге және қашан SMS хабарламалардың жолданғандығын және таңдалған мерзімде қанша интернет трафик жұмсағаныңызды тексеруге болады. Қоңыраулар детализациясында абоненттік төлем, бір реттік төлемдер, жабдық ақысы туралы ақпарат болмайды. Бұл орайда детализация сомасы шот-фактурада көрсетілген сомадан ерекшеленуі мүмкін. Сондай-ақ детализация алынған сәтінде толық болмауы немесе кейін толықтырылуы, оның ішінде оған роуминг қызметтеріне қатысты ақпараттың қосылуы мүмкін. Қорытынды детализация 30 күннен кейін қалыптастырылады.

Қайда алуға болады

Детализацияны төмендегідей ретте алуға болады:

  • Жеке кабинетте. Детализацияны жеке кабинетте өткен 90 күнге тегін алуға болады. Оны онлайн тексеруге немесе PDF не XLS форматында жүктеп алуға болады.
  • Kcell Center хабарласу арқылы.

Құны

Құны
Шот деректерінің мерзімі Құны, теңге, ҚҚС есебімен
Ағымдағы есептік мерзідегі, сондай-ақ есептік мерзімнен кейінгі айдың 15 күнін қосқандағы шот деректері (ағымдағы есептік мерзім — бұл қызметтер көрсетіліп, есепке алынған күнтізбелік ай) 0
Шоттың 1 күннен бастап 1 айға дейінгі деректері 500
Шоттың 1 айдан бастап 3 айға дейінгі деректері 1 200
Шоттың 3 айдан бастап 6 айға дейінгі деректері 2 000
Шоттың 6 айдан асқан мерзімге деректері 500 теңге әр айға

Пайдалы пәрмендер

Біз сіздерге арнап ең танымал USSD сұранымдарды жинақтап, оларды ыңғайлы кесте түрінде келтірдік. Кейбір қызметтер белгілі бір шарттарға сәйкес көрсетіледі.

Пайдалы пәрмендер
Бөлім Пәрмен
Тарифті тексеру (тегін) *166*2#OK
Лезде төлеу карталары (тегін) *110*13-таңбалы карта коды#OK
Негізгі теңгерімді тексеру (тегін) *100#OK, *123*3*1#OK, *111#OK, Bal мәтінін 100 нөміріне SMS
Бонустық теңгерімді тексеру (тегін) *123*3*2#OK, *100#OK
Өз нөмірді тексеру (тегін) *114#OK
Баланс тексеру *100#OK, *120#OK
Бағыттауды алып тастау (тегін) #002#OK
«Қоңыраулар фильтрі» *155#OK
«Әрдайым байланыста» *202#OK
Тіл таңдау сервисі (тегін) *000#OK
Kcell Infoсейф *123*6*4#OK
Қоңырауды күткізу тәртібі *43#OK
«Экстра теңгерім» *911*3#OK
Маған қоңырау шал *130*+7ХХХХХХХХХХ#OK
Мен үшін төле *131*+7ХХХХХХХХХХ#OK
«Мобильдік интернет+» қызметті басқару *444*1#OK
«Шектеусіз интернет» қызметті басқару *444*2#OK
«Шектеусіз интернет» қызметі бойынша трафикті тексеру *444*2*3#OK
«Шектеусіз түнгі интернет» қызметті басқару *888*1#OK