Көмек

Kcell Инфосейф

Смартфоныңыздағы сенімділікті, ыңғайлылықты, тәртіпті, ақпараттың амандығын Сізге «Kcell Инфосейф» қызметі қамтамасыз етеді. Байланыс жазбаларын, күнтізбені, SMS міндеттерді онлайн синхрондаңыз. «Kcell Инфосейф» қызметі арқылы Сіз нөміріңіздегі деректердің жоғалуына қапа болмайсыз.

Бұл сенімді

Жаңа нөмір сатып алдыңыз ба? Телефонды байқамай жоғалтып алдыңыз ба? Kcell «InfoСейфпен» бірге Сіздердің барлық қатынастарыңыз – әрдайым сақталуда! Жай ғана Интернет арқылы телефон кітапшасын қалпына келтіріңіз.

Бұл ыңғайлы

Күнтізбені, мақсаттарды, естеліктерді енді Kcell «InfoСейфте» сақтауға және өзгертуге болады.

Телефондағы ұқыптылық

Телефон кітапшасын ретке келтіру керек пе? Қатынастарды тура өз компьютеріңізден өзгертіп отырыңыз! «InfoСейф» сайтының көмегімен қазірде бар қатынастарға өзгерістерді енгізіп, телефоныңызда жаңа қатынастарды жасаңыз.

Бұл қауіпсіз

Барлық қатынастар, мақсаттар, естеліктер, күнтізбе қызметтің Kcell-серверінде сақталады. Олар құпияланған, жасырын сөзбен қорғалған және тек телефон иесі ғана оларды қарап, жаңарта алады.

Қызмет тегін қосылады!

Сіздер тек өзіңіздің тарифтік жоспарыңызға қарай GPRS-трафик үшін ғана төлейсіз.

Қызметті ұялы телефоннан қосу:

Қызметті қосу үшін 800 нөміріне «sync» (тырнақшасыз) деген сөзі бар SMS жіберіңіз, немесе «Infoпаркке» (*123#ОК нөміріне соғып) кіріңіз де, «Келтірулер» бөліміне кіріп, «InfoСейф» бөлімін таңдаңыз, содан кейін «Қосылу» керек (оған қоса тікелей сілтемені пайдалануға болады *123*6*4#ОК).

Қызметтің іске қосылуы мына сілтемелер бойынша қолжетімді: infosafe.kcell.kz, wap.sync.kcell.kz «Тіркелу» бөлімінде.

Android операциялық жүйесіне арналған қосымшаны мына жерден жүктей аласыз.

Kcell «InfoСейф» қызметін пайдалану бойынша қосымша ақпаратты Сіз infosafe.kcell.kz немесе wap.sync.kcell.kz сайттарындағы өз жеке кабинетіңіздегі «Жәрдем» бөлімінде ала аласыз.

Есте сақтау оңай болу үшін қызметті сондай-ақ, келесі мекенжайлардан пайдалануға болады:

infosafe.kcell.kz · info-safe.kcell.kz · infoseif.kcell.kz · info-seif.kcell.kz

МАҢЫЗДЫ! Міндетті түрде жасырын сөзді жазып алып, ұялы телефон жоғалған кезде, мәліметтерді қалпына келтіру үшін сақтап қалыңыз.

Kcell «InfoСейф» қызметіне қосылсаңыз, Сіз қоңырау шалған абоненттің аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілген өткізіп алған қоңыраулар туралы ескертулерді алатын боласыз (егер телефон кітапшасында қоңырау шалған қатынас бар болған кезде).

Kcell «InfoСейф» қызметі үшін ұялы телефондарды келтіру:

  • Компьютерден infosafe.kcell.kz сайтына немесе ұялы телефоннан wap.sync.kcell.kz сайтына кіріңіз;
  • Жеке кабинетке кіріңіз;
  • Мәзірдегі «Келтіруге» кіріңіз;
  • Келесі нұсқаулыққа қарай әрекеттеніңіз.

Егер де Сіздің телефоныңыз автоматты келтірулерді ұстанбаса, мәліметтерді SyncML-клиентте қолмен теріңіз:

«Мәліметтерді синхрондау» қалай жұмыс істейді. Мәліметтерді жіберуді іске қосу үшін телефоныңызда синхрондау профиліне кіріп, "Синхрондау" бөлімін таңдаңыз.

Егер Сіз синхрондауды алғашқы рет жасасаңыз, онда барлық қатынастардың, күнтізбенің, мақсаттар мен естеліктердің мәліметтері Kcell «InfoСейф» қызметінің серверіне енеді.

Профильдің аты: KCELL
Сервер мекенжайы (URL): http://srv.sync.kcell.kz
Пайдаланушының аты (login):
Пайдаланушының жасырын сөзі (password):
Қатынастар қоры: con
Күнтізбе қоры: caltask
Естеліктер қоры: notes