Осы қызметтің арқасында сіз мобильді байланысқа кететін ай сайынғы шығындарды бақылай аласыз.

Қай бағыттардың сіздер үшін ең шығынды екендігіне назар аударыңыз – бізде ақшаны үнемдеуге мүмкіндік беретін ұсыныстардың ауқымды таңдауы бар: мысалы, жаңа тарифтік жоспарлар желілері, интернет сервистер бойынша тиімді ұсыныстар, көптеген қызықты да пайдалы қызметтер және мүмкін роумингтегі үздік науқандар.

«Kcell-есеп» қызметімен бірге Сізге енді шот фактура алуға немесе абоненттік кеңсеге қатынасуға уақытыңызды бөлмеуге болады. Қызметке қосылу арқылы Сіз бірден өткен айда жұмсалған қаражат туралы ақпарат аласыз, содан кейін оны әр айдың онында SMS хабарлама түрінде алып тұратын боласыз. SMS-те Сіз байланыстың қандай түрлеріне қанша ақша жұмсағаныңызды көресіз.

Қызметке қосылу үшін *400*1#OK теру қажет, қызметке қосылу тегін.

Қызметті пайдалануды тоқтату үшін *400*2#OK теру қажет.

Қызмет туралы ақпарат: *400*3#OK.

Қызметті пайдаланудың абоненттік ақысы айына ҚҚС есебімен 200 теңге.

Абоненттік төлемнің алғаш алынуы қызметті толық қосқан кезде жүргізіледі, содан кейін абоненттік төлем төленетін айдан кейін келетін айдың бірінде алынады.

Қосылу тегін.

Қызметті нөмірлері жеке тұлға атына тіркелген аванстық есеп айырысу тәртібіндегі Kcell абоненттері, оның ішінде корпоративтік топқа қосылған жеке тұлғалар пайдалана алады. Қызметті нөмірлері ЖК немесе заңды тұлға атына тіркелген абонеттер пайдалана алмайды.