Хабарлаймыз, 01.04.17 бастап, «Мобильді интернет+» қызметі бойынша интернет-трафик берілген айды қоса, 3-күнтізбелік айдың аяғына дейін жарамды. 01.06.17 дейін жиналған трафик 30.06.17 қоса жарамды.
Қызмет Сипаттамасы Тәулік ақысы Қызметке қосылған трафиктің 1 MB тарифі Онлайн қосу
10 MB Күнделікті 10 MB бонустық интернет-трафик беріледі 29 ₸ 4 ₸ Қосу
20 MB Күнделікті 20 MB бонустық интернет-трафик беріледі 39 ₸ 3 ₸ Қосу
40 MB Күнделікті 40 MB бонустық интернет-трафик беріледі 49 ₸ 2 ₸ Қосу
100 MB Күнделікті бонустық интернет-трафиктің 100 MB беріледі 59 ₸ 1 ₸ Қосу

 

Абоненттік нөмірлері заңды тұлға және/немесе ЖК атына тіркелген және несиелік есеп айырысу тәртібінде қызмет алатын пайдаланушылар егер заңды тұлға және/немесе ЖК сәйкес жазбаша өтініште келісім берген болса, қызметтерді SMS/USSD арқылы қосып, өшіру мүмкіндігіне ие.


Қосу:

USSD-мәзірі *444#OK сәйкес қызметті таңдау арқылы:

a. 10 MB қызметі - *444*1*1*1#OK;

b. 20 MB қызметі - *444*1*1*2#OK;

c. 40 MB қызметі - *444*1*1*3#OK;

d. 100 MB қызметі - *444*1*1*4#OK.


SMS арқылы 2002 нөміріне:

a. 10 MB - 10, код 10, code 10;

b. 20 MB - 20, код 20, code 20;

c. 40 MB - 40, код 40, code 40;

d. 100 MB - 100, код 100, code 100.


Статус пен қызметтің әрекет ету мерзімі USSD сұраным *444*1*3#OK арқылы тексеруге болады.


Жүктелген, бірақ пайдаланылмаған трафик төмендегілер орын алғанша жинақталады:

- Қызмет өшірілгенше;

- Осы нөмір бойынша байланыс қызметтерін көрсету келісімшарты бұзылғанша;

- Осы науқандық қызметтің әрекет ету мерзімі аяқталғанша.


Өшіру:

Қызметті өшіру үшін төмендегілерді орындау қажет:

1. 2002 нөміріне стоп немесе stop деген сөзі бар тегін SMS жолдау;

2. USSD-сұраным *444*1*4#OK.

Қызметті көрсету шарттары:

Теңгерімде сома жеткілікті (есеп айырысудың алғытөлемдік тәртібі үшін) болғанда немесе несиелік лимит (есеп айырысудың несиелік тәртібі үшін) жеткілікті болғанда ғана, абоненттік төлем алынады, әйтпесе қосымша қызмет бойынша абоненттік төлем алынбайды. Теңгерім жеткілікті сомаға толтырылғанда, абоненттік төлем Астана қ. уақытымен 00:00-ден кейін, белгіленген уақытта келесі тәулік үшін толық мөлшерде алынады. «Мобильді интернет плюс» қызметі бойынша абоненттік төлем алынбағанда, Абонент қызмет бойынша жиналған интернет-трафикті пайдалану мүмкіндігіне ие болады. Жиналған интернет-трафик біткенде, пайдаланылатын мобильді интернет қызметке қосылған трафиктен асып кеткен жағдайға белгіленген тарифтерге сәйкес тарифтеледі.

Абонент бір уақытта қызметтің бір ғана түріне қосыла алады. Басқа түрдегі қызметті қосу үшін алдымен ағымдағы қызметті өшіру қажет. Назар аударыңыз! Бұл жағдайда ағымдағы қызмет бойынша пайдаланылмаған трафик жойылады.

Берілген және алынған мәліметтердің көлемі қосылыс жабылғаннан кейін 1 KB дейін дөңгелектеледі.

Қызметті «Интернет топтама» қосымша қызметімен бірге қосуға болады. Сонымен қатар, ең алдымен интернет топтама бойынша, одан кейін «Мобильді интернет плюс» қызметі бойынша интернет-трафик жұмсалады. Қызмет бойынша да, интернет топтама бойынша да интернет-трафик біткенде, кіру жылдамдығы айдың аяғына дейін, 64 кбит/сек-тен аспайды.

Қызметтің қосылған түріне сәйкес трафик көлемінен асқанда, «Мобильді интернет» сервисінің келесі трафигінің ақысы қызметке қосылған трафикті көбейту үшін қызмет бойынша белгіленген тарифтерге сәйкес, төленеді.

Қызмет тек «Мобильді интернет» сервисі үшін ғана, абоненттік құрылғыда internet қол жеткізу нүктесі реттелген жағдайда көрсетіледі.

Қызмет роуминг барысында көрсетілмейді.

Интернет-телефонияны пайдалану осы науқандық қызмет шеңберінде ұсынылатын «Мобильді интернет (GPRS)» сервисінің жылдамдығын төмендетуі мүмкін.

«KcellTube» жадыратушы бейне-порталды пайдалану барысында қызмет трафигі жұмсалмайды.

Әрекеттегі интернет сессия барысында іске қосылған «Мобильді интернет плюс» қызметі әрекет етпейді. Мұндай интернет сессия қалыпты тарифке сәйкес есептеледі. Осындай жағдайларда ағымдағы сессияны жауып, интернетті пайдалануды қызмет іске қосылғаннан кейін ғана жалғастыру қажет.

 

Толығырақ жеке менеджеріңізден немесе ұялыдан 9090, қалалықтан +7 727 2587021 телефондары арқылы біле аласыз.